Футболдан ашық турнир өтті.

Аймақ
13.05.2015, 19:22

Мақтарал ауданы, Абай ауылдық округіндегі Халықтар достығы елді мекенінде 6-9 мамыр аралығында Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Серікбай Мырзадиновты еске алуға жәнеШара жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың спорттық шеберлік-деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген футболдан ХIV-ші дәстүрлі ашық турнирі өтті. Футбол бұқаралық спорт түрі болғандықтан қатысам деген жастардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Жарыста командалар өзара шеберлік байқасты. Бұл сында үздік деп танылған Мақтаралдық жастар командалары болды. Бұл ұжымдар үнемі спорттық шарлардан қалып көрмеген. Жасұлан Қанағатов жарысқа қатысушы Біз осындай турнирлардың барлығына өзіміздің ниетімізді білдіреміз. Негізі бұл өзіміздің президенттің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің салиқалы саясаты болғаннан соң денсаулық спорт деген соң бәрін бізге жақын болғандықтан осындай турнирларға қатысып тұрамыз. Аталған турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, турнир ұйымдастырушылары айтулы шараны дәстүрге айналдырып, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен спортқа тартуға деген зор үлестері үшін алғыс айтты. Турнирге жалпы саны 54 команда қатысып бақтарын сынады. Турнирдің жеңімпаздарына С.Мырзадиновтың кубогы табысталды. 1 ші орынды «Келес 50» командасы, 2-ші орынды «Әльмира» командасы, ал 3-ші орынды «Мақтарал» командасы иеленд Алдағы уақытта ұйымдастыушылар шағын футболдан бөлек жақын күндері волейбол, стритинг воркауттан да жарыстар өткізбек.

Сұхбат

PhotoRoom