Қарты бар елдің қазынасы бар

Аймақ
13.05.2015, 19:38

Мақтарал ауданының 14 елді мекенінде бүгінде екі бірдей соғыс және 77 тыл ардагері бар. Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбішов сол ардагерлерге ізет жасады. Қазыналы қарттардың үйіне барып, жан-жақты қолдау көрсетті. Биылғы кездесу жылдағыдан өзгеше. Олай дейтініміз жылда елдің әлеуметтік мәселелерімен басқосатын халық қалаулысы соғыс және тыл ардагерлерімен кездесті. Денсаулығы нашарлап төсек тартып жатқандарының үйлерін аралап бәріне қаржылай және заттай сый-сияпат жасады. Қызылқұм ауылдық округінде орнатылған ескерткіш құрылысына да демеушілік жасады. Нұралы Әбішев, облыстық мәслихат депутаты: Елді мекендерді, ауылдық округтердің барлығын аралап қайттық. Тыл ардагерлерінің барлығын мысалы менің сайлау округімде 291 болатын болса оның ішінде мынау уақыттың ағымына байланысты бар-жоғы 6 соғыс ардагері қалған екен. Әр қайсысына арнайы көңіл бөлініп, олардың барлығына құттықтау сөзімізді айтып, жақсылығымызды айтып, рахметімізді айтып қолымыздан келгенінше сыйлықтарымызды таратып, рахметімізді айтып шықтық. Сондай-ақ, халық қалаулысы Абай ауылдық округінде болып, ардагерлермен ақ дастархан басында бас қосты. Айта кетейік, аталмыш округте бүгінде көзі тірі 1 соғыс ардагері мен 55 тыл еңбеккері тұрады. Әлайдар Тәжібаев, еңбек ардагері: Қандай кемшілік болса, қандай жетіспеушілік болса барлығын уақытында айтып, өтініш қылып отырамыз, өтінішімізді қабылдап орындап жатыр. Бүгін ауыл әкіміне қарияларды, ақсақалдарды жинап үлкен жиын өткізіп рахметін айтып, жақсы тілегін айтты. Қолынан келгенінше сый-сияпатын таратты. Енді осындай жастарымыз аман болсын, дендері сау болсын. Кішіден ізет күтетін үлкендерге қандай құрмет жасалса да артық етпейді. Өйткені – бүгінгі тәуелсіздік пен бейбіт те мамыражай өмір осындай ержүрек ата-бабаларымыздың қанымен келген құндылық.

Сұхбат

PhotoRoom