Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды

Аймақ
14.05.2015, 11:31

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырып. Ат құлағында ойнап өскен қазақ  небір тамаша ұлттық ойындарды туғызған. Кеңес дәуірінде ұмыт бола жаздаған көкпар. Бұл жолғы ат бәйгесіне күннің ыстықтығына қарамастан кісі көп жиналды.  Ал бәйгенің өне бойында ұлттық мереке шырайын енгізді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде  Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді. Осындай көкпарлардың бірі  ОҚО  Сарыағаш ауданында наурыз айында, Қазақ хандығының 550 жылдығына ұйымдастырылған  бұрын-соңды болмаған көкпар тартылғаны есімізде. Сондағы аламан  көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында наурыз айында бұрын-соңды болмаған көкпар тартылғаны есімізде.

Көкпарға 12 мыңға жуық адам қатысқан еді. Шабандоздар санынан жер қайысқан сол көкпардың Гиннес рекордтар кітабына енетіні мәлім болды. Оператор Ілияс Әуелбеков бәсекені ұшқан құстай биіктікке көтерілген квадрокоптерге байланған бейнекамера арқылы түсірді. YouTube порталынан бұл көкпарды қызықтағандардың саны 100 мыңға жуықтады. «Ауыздығымен алысқан сәйгүліктердің дүбірі он шақырымнан естілді», - дейді Ілияс. Ірілі-ұсақты бағалы сыйлықтарды қоспағанда, Сарыағаштың бұл көкпарында төрт салымға - төрт жеңіл автомобиль тігілді.

Сұхбат

PhotoRoom