Бокстан халықаралық турнир басталды

Аймақ
14.05.2015, 12:12

Шымкенттегі  Қажымұқан  спорт  кешенінде  бокстан Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің  иегері  Мұхтархан  Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир жалауын көтерді.  Жасөспірімдер арасында осымен  төртінші  рет  ұйымдастырылып   отырған сайысқа 5 елден  94 үміткер  қатысып отыр. Турнирге көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеті мен еліміздің барлық өңірлерінен жас боксшылар қатысуда. Атап айтсақ, Өзбекстаннан – 9 боксшы, Қырғызстаннан – 6, Тәжікстаннан -5, Ресейден – 13 былғары қолғап шеберлері бақтарын сынауға келген. Ал, алаң иелері саналатын біздің өңірдің өзінен 13 жас осы сайысқа қатысуға мүмкіндік алыпты. Бұдан бөлек еліміздің құрамасынан да -13 боксшы бақтарын сынауда. Мұхтархан Ділдәбеков, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері: Бұның бəрі келешекте Олимпиаданың жеңімпаздары болсын деп ниеттеніп ұйымдастырылған дүние, осы спорттан мықты-мықты азаматтар шығады ғой. Бұл жарыстың жылдан жылға ауқымы кеңейіп, көптеген жас боксшылар қатысуға ниет білдіруде Боксшылар 46 дан 80 келі салмақ аралығындағы сынға түседі. Жас спортшылар бес күндік сайысқа сақадай сай дайындықпен келген. Бастамасы жаман емес. Бірінші күннен-ақ барын салып, шаршы алаң бәсекесін қыздыруда. Даниель Лысенко, жарысқа қатысушы \Ресей\: жасым 15-те, 46 келі салмақта сайысқа түсіп жатырмын. Әрине алғашқы болып алғашқы күні шығу азырақ маған ауыр болды. Алайда, мұндай ауқымы кең жарысқа қатысу мен үшін үлкен жеңіс, абырой. Енді жарыс жеңімпаздары 16-мамыр күні белгілі болады. Қарсыластарын қапыда қалдырған спортшылар ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады

Сұхбат

PhotoRoom