«Ет өнімдері KZ» ет кластерін дамытпақ

Аймақ
14.05.2015, 12:17

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде «ет» кластері құрылады, ол өнім берушілер мен етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ресурстарын біріктіруді қарастырмақ. «ҚазАгро» холдингі ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде ет кластерін құру бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады. Оның негізгі мақсаты - жобаға мүдделі қатысушылардың бәрінің ресурстарын біріктіру және қазақстандық етті экспортқа шығару және сату кезінде трансакциялық шығынды төмендету. Осы тұрғыда, Түлкібас ауданы Машат ауылдық округінде оңтүстік облыста жоқ ең ірі мал базары ашылды. «Ет өнімдері KZ» ЖШС-гі осы арқылы халал ет өңдейтін бірыңғай кластерді дамытпақ. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба бірнеше кезеңге құрылған. Қазығы былтыр ғана қағылған нысан биылдың өзінде-ақ ел игілігіне беріліп отыр. Мұнда барлық жағдай жасалған. Жабық шатыр астында ветеринарлық және кенеге қарсы бүрку орындары, изолятор, ірі қара мен уақ малға арналған жеке дара қашалар бар. Қосымша қонақ үй мен асхана да қарастырылған. Келешекте бұл маңда мал сою бекеті де ашылады. Сонда 2 тоннаға жуық ашатұяқтан 500 келіден астам ет өндірілмекші. Жоспар бойынша бордақылау алаңының сыйымдылығы 6000 басқа жетеді. Алдағы үш жылда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, ауданның жүзге тарта азаматы екі қолға бір күрек табатын болады. Қазірдің өзінде 18 адам жұмыспен қамтылып отыр. Мал базары 10 гектар жерді алып жатыр. Аптаның сейсенбі, сенбі күндері жұмыс істейтін орынға кіріп-шығу бір ай бойы тегін болады

Сұхбат

PhotoRoom