Облыстық білім басқармасының бұйрығымен бастау алған өнер фестивальі биыл Мақтаралда он бірінші рет өткізілді. Басты мақсат – мектеп оқушылары арасында жаңа дарындарды анықтап, олардың өнерлеріне қолдау көрсету. Сол арқылы ұлттық музыкамызды дамытып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Наурыз айында бастау алған фестивальдің іріктеу сындарына 3000-ға жуық оқушы қатысуға өтініш білдіріп, 62-сі ақтық сынға жолдама алған. Бұл өнер додасында өзгелерден оқ бойы оза шапқан өнерпаздар алдағы уақыттарда облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарға қатысатын болады. Сәуле Сатыбалдиева, ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының ұйымдастырушысы: Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бұйрығы бойынша балалардың тәртібін шыңдау мақсатында бізде жылда фестиваль ұйымдастырылады. Мақтарал білім бөлімінің өнерпаздары жылда олар өте жоғары деңгейде көрсете алады. Бүгінгі бағдарламасы былтырғыдан да жоғары деңгейде көрсетіп жатыр деген баға бере аламын Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған биылғы фестивальде патриоттық әндер көп шырқалды. Сондай-ақ жастар қасіретті соғыс жылдарынан сахналастырылған билерді нақышына келтіріп орындады. Жұмагүл Байтілеуова, Мақтарал аудандық білім бөлімінің әдіскері: Бұл өнер фестиваліне 1500-ға тарта оқушы қатысып отыр. «Шабыт» оркестрі бізде бар, домбыра оркестрі. Бізде би топтары өте көп. Халықтық би ансамбльдері бар. Солардың барлығы бүгінгі күні өнерлерін көрсетіп, халқымызды, ата-аналарымызды, бүкіл ауданды қуанышқа бөлеп отыр. біздің ауданымыз 3 жылдан бері үздіксіз жеңімпаз облыс бойынша атанып келеді. Құдай қаласа биыл одан да жоғары көрсеткішке жетеміз бе деген ойымыз бар. Ел мәдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосар мақтаралдық жасөспірімдердің әлі алда алар асуы мен бағындырар биігі мол екені сөзсіз. Өйткені – атадан балаға мұра болып берілетін байлығымыздың негізгі бастауы да ауылдардан басталады