ОҚО-да 1 млн тонна металл өндіруге қауқарлы зауыт құрылысы басталмақ

Аймақ
14.05.2015, 14:58

Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Сауда-саттық инвестициясын арттырып, Ұлы Жібек жолын жаңғырту – басты мақсатымыз, деп хабарлайды 24 kz. Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездескен Гуандун шаһарының кәсіпкерлері осылай деп ізгі ниетін білдірді. Алып көршіміз Еуразияның жүрек төріне орналасқан әлеуеті зор Қазақстанмен қоян-қолтық араласуға мүдделі. «Еуразиялық экономикалық одақ аясында кәсіптен нәсіп табуға ниеттілер үшін қолайлы жағдай жасалғаны инвесторлар үшін өте тиімді», - деді мәртебелі меймандар. Мүдделес екі ел арасында бұған дейін жүргізілген келіссөздер де оң нәтиже көрсетуде. Мәселен Қазақстан-Қытай тарапының қолдауымен Оңтүстік Қазақстанда 1 млн тонна металл өндіруге қауқарлы зауыт құрылысы басталмақ. Мамандар бірлесе атқаратын пайдасы мол жұмыстар жеткілікті деп отыр. Нұржан Әлтаев, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: - Біріншіден, біз Қытайды өзіміздің нарық ретінде қарастыруымыз керек. Біз олармен сұхбаттасқан кезде тамақ өнеркәсібі жағынан бізге өте көп тауарлар шығаратын болса, біз алып кетуге дайынбыз деген едік. Соя өнімдері мен ет өнімдеріне үлкен қызығушылық танытуда. Осының төңірегінде көп жұмыстар жасау қажет.

Сұхбат

PhotoRoom