Баланы ғаламтордағы қажетсіз ақпараттардан алшақтату қызметі қосылды

Аймақ
15.05.2015, 14:12

Бүгінде компьютер қаланы қойып шалғайдағы ауыл-ауылға жетті. Ғылым мен техниканың дамыған өрлеу дәуірінде бұған қуану керек. Дегенмен де, медальдің екі беті болатыны сияқты оның да екі гәбі бар. Мәселен, жеткіншектер өз беттерінше ойлау мүмкіндіктерінен айырылып бара жатыр. Басқаша айтқанда, барлығын «ақылды құрылғыға» жүктейтін «компьютер бас» ұрпақ қалыптаса бастағаны зиялы қауымды қатты толғандыру үстінде.

Қауіпсіз ғаламтор Ата-ана бақылауы. Облыстық телекоммуникация дирекциясы Megaline және iD Net пайдаланушыларына балаларға қажет етпейтін контентті сүзгілеу қызметін қосуды ұсынады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ғаламтордың пайдасымен қатар, зияны да шаш етектен. Балалар мен жасөспірімдерді кереағар діни ағымдардан, құмар ойын, хакерлік, суицидтен қорғау мақсатында қолға алынған жоба қоғамның қолдауына ие болып отыр. Әлеуметтік желілерді сүзгіден өткізетін қызметтің құны да қымбат емес. Айына небәбі 200 теңге төлесеңіз болғаны, балаңызды ғаламтордағы қажетсіз ақпараттардан алшақтата аласыз. Интернет желісіне қауіпсіз қатынауды қамтамасыз ететін жаңа сервисті тұтыну үшін cabinet. idport.kz жеке кабинеті немесе негізгі байланыс қызметі арқылы қосылуға болады. Бауыржан Молдабеков, «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төрағасы: Осы өңірде мектептермен тығыз байланыс жасауды жоспалап отырмыз. Ата-аналарға осы қызметті пайдалануды үгіттейтін боламыз. Бұл жоба өте керемет. Өйткені,бала тәрбиесә болашақ тәрбиес. Қазір баламызды дұрыс тәрбиелесек,болашақта еліміз үлкен жетістіктерге жететін болады. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өскен. Ал, ұялы телефон байланысын пайдаланушылар да осы кезеңде 750 миллионнан 5 миллиардқа дейін көтерілген. Бүгінде бұл көрсеткіш 6 миллиардтан асты. Технология дәуірі осы үдерісінен жаңылмай дами беретін болса, алдағы бес-он жылда жер беті халқы интернетпен толық қамтылары сөзсіз.

Сұхбат

PhotoRoom