Төтенше жағдайдың алдын алу жиыны өтті

Аймақ
15.05.2015, 14:15

Өткен жылы өңірімізде 7 орман өрті орын алып салдарынан 103 гектар аумақты жалын шарпып, 305 мың теңге шығын келген. Бұл жағдайдың биылда қайталануы ғажап емес. Өйткені, өңірдегі 934 елдімекеннің 41-інде ғана өртке қарсы бөлімшелер бар. Қалғаны, өрт орын алған жағдайда қауқарсыз. Мамандардың мәліметінше әлі өңірге 70 –тен астам бөлімшені құру қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Оңтүстік ыстық аймақ болғандықтан өрт жиі орын алады. Оған себеп те көп. Біріншіден тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Екіншіден тиісті басқарма тарапынан жүргшізілетін алдын алу шаралары да әлсіз. Оған дәлел елімізде жаз маусымы басталғанымен кейбір аудандар әлі күнге құрал саймандарын қамдамаған. Нұрболат Дербісов, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары: Өрттің алдын алу шараларын бүгіннен бастап, қолға алатын боламыз. Бүгін әр ауданның жауапты мамандарымен өрттің алдын алуға қажетті техникаларды қарастыратын боламыз. Өрт оқиғасынан бөлек өңірімізде азаматтардың суға кету жайттары да жиілеп отыр. Мәселен, 2013 жылы 24 адам суға кетсе былтыр 42 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Олардың 19-ы балалар. Ал, биылдың өзінде 9 адам суға батыпты. Батырғали Сопбеков, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары: Бұның негізгі себептері қауіпсіздікті сақтамауы. Адамдардың мас күйінде шомылуы немесе қашықтыққа жүзіп кетуі. Сондай-ақ ата-аналардың демалысқа шыққан балдарын қараусыз қалдырғандығынан орын алып жатады. Қандайда бір оқиғаның себеп-салдарын жойғаннан оның алдын алған әлде қайда тиімді. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары сала мамандарына осыны ескертті. Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары: Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті құралдардың барлығын дайындаңдар. Бұдан бөлек жиын барысында орман-дала алқабын өрттен қорғау мәселесі де қаралды. Базарлардағы орын алған жағдайлар да сөз болды. Осындай олқылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы тапсырмалар берілді

Сұхбат

PhotoRoom