«0» теңге акциясы Отырар ауданында жалғасты

Аймақ
16.05.2015, 19:53

Жемқорлықпен күрес Сәуір айында басталған «0» теңге акциясы Отырар ауданында жалғасты. Жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында қолға алынған шара барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, қоғам дамуына кедергі келтіретін жемқорлықтың алдын алу мәселелерін сөз етті. Шәуілдір елдімекенінде ұйымдастырылған кездесу кезінде тұрғындар көп жағдайда кездесетін бармақ басты, көз қысты әрекеттерді болдырмау жайы сөз болды және құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жең ұшынан жалғасқан сыбайластыққа көп жағдайда азаматтардың да өздері жол беріп жатады. Ал, еліміздің заңы бойынша пара, берген де, алғанда кінәлі. Сондықтан жемқорлықтың жолын кесу жұмыстарын әркім өзінен бастауы керек. Осылай деген сала мамандары жемқорлықсыз қоғам құру үшін жұртты жұмыла жұмыс істеуге шақырды.   Нұрлан Ізтілеуов,  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сырдария аймағы бойынша басқарма бастығы: Бүгінгі Шәуілдір елді-мекенінде өткізіліп отқан 0 теңге акциясы бірінші акция емес.Бұл акция департамент қызметкерлерімен сәуір айында басталған еді.  Акцияның басты мақсаты қарапайым халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін ояту болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom