Жалпы қалалық сенбілік өтті

Аймақ
16.05.2015, 20:02

Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Бірақ, байқап жүргеніміздей, әлі де болса қала тұрғындары арасында тазалық шараларына қатысуда енжарлық танытатындар басымырақ. Мұндай олқылықтардың аз да болса орнын толтыру мақсатында «Жасыл Ел» қозғалысына қатысушылар қаладағы ПИК-термен бірлесіп, жалпы сенбілік  шарасын  ұйымдастырды. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.Таза ауа – жанға дауа. Осы  ұстанымды ұстанған  шымкенттіктер жаппай сенбілікке шықты. Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шарада айналаның барлығы  күл – қоқыстан тазартылды. Ал, жалпы қалалық сенбілікке қала тұрғындарымен барлық әкімшілік қызметкерлері және білім ошақтарының ұжымы қатысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Бұл қаладағы Ташенов көшесі. Мұнда тазалық жұмысын алдымен қала әкімі Дархан Сатыбалдының өзі бастады. Айналадағы шөп шаламды тырмалап, арық-атыздарды күл қоқыстан тазартты. Бұдан бөлек тұрғын  үй коммуналдық шаруашылық  бөлмінің қызметкерлері, білім бөлімі, барлық мемлекеттік қызметкерлер бір кісідей атсалысты. Жалпы қалалық сенбілікке 24 дана техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 37978 шаршы метрді құрайтын қала аумағындағы барлық  орталық  көшелер ретке келтірілді. 2000 нан астам ағаштар әктеліп, ирригация жүйелері тазартылды. Халық қалаулылары да  шымшаһардың шырайына шырай қосылсын деген мақсатпен өз үлестерін қосты. Қаланы тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom