Жер қойнауын пайдаланушылардан түскен әлеуметтік төлемдерінің тиімді жұмсалуы

Аймақ
16.05.2015, 20:21

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдерге: үстеме пайда салығы; экспортталынатын ішкі мұнайға салынатын рента салығы; бонустар; роялти; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жатады. Аталған салықтар мен арнаулы төлемдер және бюджеттке төленетін  басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген  салық заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен міндетті салық сараптамасынан өткен отандық немесе шетелдік жер қойнауын  пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгіленген бүкіл мерзімі ішінде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетілуі мүмкін. Осы мәселе бойынша, Шымкентте жер қойнауын пайдаланушылардан түскен әлеуметтік төлемдерінің тиімді жұмсалуы жөнінде мәжіліс өтті. Айтып өту керек елімізде 2005 жылы Қазастанда өндіруші салалардың ашықтық бастамасын жүзеге асыру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Алайда араға 8 жыл салып, нақтырақ айтқанда 2013 жылы осы бастаманың талаптарына елеулі өзгерістер енгізілді. Жиын барысында сол өзгерісті жергілікті жерлерде насихаттау мәселесі сөз болды. Одан бөлек атқарушы органдармен өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға арналған қаржылардың тиімді жұмсалынуы талқыланды. Қазіргі таңда облыс аумағында қатты пайдалы қазбаларды игеруге 26 келісім шарт тіркелген. Оның ішінде он бесі уран өндіруге, екеуі  барлауға, екеуі фосфориттер өндіруге. Қалған алтауы алтын рудасын игеруге жұмсалуда.

Сұхбат

PhotoRoom