Шымкентте Халықаралық мұражайлар күніне ашық есік күні өтті

Аймақ
18.05.2015, 18:26

Шымкент үшінші қала мәртебесіне ие болу үшін туристік мүмкіндіктерге кең жол ашу мүмкіндігі қажет. Осы тұрғыда  Шымкентте 70 гектар жер бөлініп, тарихи-мәдени аймақ салынды. Мұнда «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер орталығы, көл аумағындағы демалыс орындары пайда­лануға берілгені есімізде. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарих-өлкетану мұражайына жүздеген адам  қатысты.  Халықаралық мұражайлар күнінде мұнда ашық есік күні өтті. Қонақтар үшін ерекше шеберлік сабақтарын қолданбалы өнер шебері Болат Бейісбеков пен қыш өнерінің шебері Кендебай Қарабдалов өткізді. Бұдан басқа, қонақтарға 18-ші ғасырда қолданылған самаурындар экспозициясы көрсетілді. Мұражай барлығы 70-тен астам самаурын жиналды. Мұражайлар күнінде қала қонақтары мен тұрғындары мұндағы 80 мыңнан астам экспонатты тегін көру мүмкіндігін алған. Музей қызметкерлері ғылыми және қоғамдық мерекелерге арнап әртүрлі іс-шаралар: тақырыптық дәрістер, мектеп оқушылары арасындағы конкурстар ұйымдастырады, сонымен Олардың арасында керамикалық ыдыс-аяқ, көне тұрмыс заттары, әшекейлер, хандар киген киім, тіпті, көне қолжазбалар да бар. Көпғасырлық тарихқа ие олар «Қазақ хандығы» деп аталатын жаңа залда орналасқан, бұған дейін экспонаттар қоймаларда сақталған болатын. Мұражайда барлығы 4 зал бар, қонақтар оның әрқайсысына кіре алды. Бүгін тарих-өлкетану мұражайы сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сұхбат

PhotoRoom