Қазақстанда баламасы жоқ Кентау трансформатор зауытының өнімдері

Аймақ
19.05.2015, 15:43

«Кентау трансформатор зауыты» маркалы өнімдер шетел нарығына шыққалы жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Экспорттың 50 пайызына  дейінгі көлемі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркменстанға, Қырғызстанға, Әзербайжан мен Ауғанстанға шығарылады.

Зауытта өндіріс өркендеген сайын заманауи қондырғылардың тілін білетін маманға сұраныс артып келеді. Бұл тапшылықты еліміздегі білім беру бағдарламасына енгізілген дуальді оқыту жүйесі толықтай қамтамасыз етпек. Жаңа жүйені одан әрі дамыту үшін Кентаудағы көпсалалы колледжді AlageumElectricхолдингінің сенімді басқаруына беру туралы төрт жақты келісімге қол қойылды. Енді ол энергетика саласына қажет маман даярлайды. Ал Қазақстандағы ірі электротехникалық компания колледждің техникалық базасын жақсартуға көмектеседі. Кентау трансформатор зауыты осыдан үш жыл бұрын өздеріне қажетті маман даярлау мақсатында кәсіпорын жанынан арнайы колледж ашқан. Мемлекет қолдауының арқасында өндірісі өркендеген трансформатор зауыты 350 түрлі өнім шығарады. Отандық тауардың 45%-ын экспорттайды. Жаңа қондырғылармен жабдықталған зауытқа оның тілін білетін маман қажет. Сондықтан колледжге қол ұшымызды созып жатырмыз, - дейді кәсіпорындағылар. Серік Айтөреев, Кентау трансформатор зауыты бас директорының орынбасары: - Төртжақты келісім шарт. Колледждің базасын нығайтуға және сапалы, білімді жастарды дайындауға, кадр мәселесін шешуге үлес қосады деген сенімдеміз. Дуальді оқыту жүйесі шәкірттің біліктілігін арттырады. Ал колледждерді сенімгерлікпен басқару бірінші кезекте мемлекет үшін маман даярлауға жұмсалатын қаржыны үнемдеп, олардың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Мақсат Қасымбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: - Оқу бағдарламасын кәсіпорын ниетіне сай өзгерту. Сондай-ақ практикадан өткізу. Емтихан қабылдау.Кәсіпорын өзі сынақ қабылдап өзіне қажетті маманды іріктеп алады.Бастысы – қажетті маман дайындау көтерілген осы келісімшартта. Білім мен кәсіпкерлік, оқу орны мен зауыт арасындағы төртжақты келісім аясында көп салалы колледжде 7 мамандық бойынша оқып жатқан шәкірттер Кентау трансформатор зауытында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Оқу орнының басшылығы зауыт қажет деп тапса, қосымша мамандықтар әзірлеуге де дайынбыз дейді. Жорабек Атымтаев, Кентау көпсалалы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: - Бізге өздеріне қажетті мамандықтарға байланысты стандарттарға өзгерістер енгізуге олар бізге жәрдем беруі керек. Себебі оларға келіп жатқан жаңа қондырғылар мен жаңа техникалар бар олардың бәрі біздің бұрынғы стандарттарымызда ескерілмеген. Сондықтан оған жаңа арнайы кәсіби стандартар жобасы құрылу керек. Шараға еліміздегі колледждер қауымдастығының арнайы өкілдері мен басшылары да қатысты. Әр өңірден келген көшпелі отырыс мүшелері бұл бастаманың жалғасын табатынына сенімді.

Сұхбат

PhotoRoom