Қазақтың тұңғыш олимпиада чемпионына құрмет

Аймақ
19.05.2015, 16:17

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика кешенінде Қазақтың атын Мәскеу олимпиадасында паш еткен жеңімпаз Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Елдің даңқын асырған ерлердің ісін дәріптеу үшін өткен жылдан бастап Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионына әр облыста осындай құрмет жасалуда.Шараның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, жүлде иегеріне облыс басшылығы атынан құттықтап темір тұлпар табыс етілді. Сонымен қатар, Спортшылар қауымының атынан ат спорты федерациясының президенті Нұрмахан Жолдасов ақ боз ат мінгізді. Оңтүстік Қазақстан облыс басшылығы мен спортшыларына алғысын білдірген Жақсылық Үшкемпіров осындағы салынып жатқан халықаралық деңгейдегі спорт кешендері мен спортқа деген қамқорлықтың арқасында алдағы уақытта олимпиада чемпиондары тәрбиеленіп шығатынына сенімдік білдірді. Бапкердің сөзінше: Жылдар бойы шаршы алаңда жиған-тергенімді, көрген-білгенімді жігіттерге үйретіп, ақылымды айтып отырамын. Қолымнан келгенше жан-жақты қолдау көрсетуге де барымды салып келемін. Нақты бірнеше баланы қоластыма алып, шәкірт тәрбиелеп жатқан жоқпын. Жауапты қызмет мойныма артылған соң, облыс құрамасында өнер көрсететін баһадүрлердің барлығына ұстазбын ғой.

Боз кілемдегі белдесулердің нәтижесінде 50 келі салмақ дәрежесінде Қызылжардан келген Аманғали Бекболатов, 60 келі Астаналық Нұржан қарабаев, 74 келі Қостанайлық Темірлан Шадукаев және 96 келі Қызылордалық Олжас Сырлыбай бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздарға турнирді ұйымдастырушы Полат Қырықбаев арнайы жүлде табыс етті.

Сұхбат

PhotoRoom