Тәуелсіз елдің білім деңгейін көтерудің бірден-бір жолы – тіл білу. Әсіресе, мемлекеттік тілді оқытудың маңызы мықты. Қажеттілігі жоғары болуы тиіс. Осы мақсатта облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» атты семинар өткізді. Оған Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Әбдіхалықов қатысты. Елбасы айтқан бес реформаның бірі-мемлекеттік қызмет жүйесін арттыру. Ал, осы бағытта атқарылатын іс-шараның түпкі негізі тіл білуден басталады. 2011 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілер Казтест байқауынан жүйелі түрде өтіп отырады. Ал, биыл күнгейдегі мемлекеттік қызметкерлер бұл сынақты маусым айында тапсырады. Айдос Әбдіхалықов, Казтест орталығының жетекшісі: Семинардың неігзгі мақсаты-осы тіл үйрету орталықтарының мамандарына әдістемелік нормаларды үйрету болып табылады. Сондай-ақ, олардың біліктілігін арттырып, Казтесттің құрылымыны, мазмұнын таныстыратын боламыз... Казтест Ұлттық тестілеу орталығынан күні бүгінге дейін 32473 қызметкер қазақ тілінен тест тапсырып, сынақтан өтті. Сәйкесінше, тіл білу деңгейіне байланысты сертификат алды. Соның 567-і күнгейліктер. Айдос Әбдіхалықов, Казтест орталығының жетекшісі: Биылдан бастап, мемлекеттік қызметкерлердің А корпус, Б корпусына жататын қзыметкерлердің барлығы да тест тапсыруға міндеттеледі.... Тұғыры биік тілі бар елдің рухы да мықты. Мерейі үстем. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі артып келеді. Елбасының алға қойған міндеті де межені бағындыруға таяу. 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Ал бүгінгі шара осы бағытта атқарылып жатқан игілікті істің бір парасы ғана.