Мақтаралда «Көктем найзағайы» атты туристік сайыс ұйымдастырылды

Аймақ
19.05.2015, 16:47

«Көктем найзағайы»Осындай атаумен Мақтарал ауданы, Жетісай қаласыда мектептер мен орта арнаулы оқу орындары арасында туристік сайыс өтті. «Жастар орталығы» мен аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шара – балаларды табиғатты сүюге үндейді. Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлауды, туризм тәсілдерін насихаттау. Осы арқылы олардың денсаулықтарын нығайтуға ықпал ету. Одан бөлек, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жат әдетке қарсы күресті күшейту. Сайыста 11 команда бақ сынасты. Сержан Аташов, Мақтарал аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкері: Бұл аудандағы туристік жарыстарға, бәсекеге қабілетті мектептердің шығып келе жатқанының айғағы. Келешекте енді кент мектептері арасында өткізсек, енді Мақтарал ауданындағы ауылдық әкімшіліктері арасында өткізіп, әр өңірлер бойынша әкім кубогі есебінде қорытындыламақ ойымыз бар. 8 бөлімнен тұратын сайыста үміткерлер топтық, жергілікті жерді бағдарлау, төтенше жағдайда бола қалған кезде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қабылеттерін көрсетті. Туристік аймақтағы тазалықты қадағалап, азық-түлік сақтау мен орналастыру тәртібін түсіндірді. Асты дәмді дайындау тәсілдері де сыналды. Нұржан Айтымбетов, облыстық жас туристер орталығының педагогы: Бүкіл мектептер өте белсенді, өте керемет және де арнайы военный формалармен осы жерде жарысқа қатысып отыр. Мақтарал ауданында басқа аудандарға қарағанда ұйымдастыру жағынан өте мықты. Және де командалар өте мықты дайындалған. Сайыс соңында байқаудың шарттары бойынша озық нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түскен командалар жүлделі орындарға ие болды

Сұхбат

PhotoRoom