ОҚО-да соңғы 6 жылда 310 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

Аймақ
19.05.2015, 18:45

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылдан бері 310 денсаулық сақтау саласына қатысты нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасының мәжіліс залында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пәкеев хабарлады.  Басқарма басшысының айтуынша, 2009 жылы аймата 500 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған болса, бүгінгі таңда оның 310-ы пайдалануға берілді. «Бүгінде тағы 25 мекеме салынып жатыр. Оған қоса күрделі жөндеуді қажет ететін 190 нысанның 184-інде жұмыстар жүргізілуде», - дейді.

Сейітжамал Пәкеевтің дерегінше, аймақта әлеуметтік маңызы бар аурулар, айталық, өлім-жітім төмендеген, қанайналым жүйесі, онкологиялық аурулар мен құрт ауруы азайған. Халықтың денсаулығы – еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Осы орайда Оңтүстік Қазақстанда денсаулық сақтау саласына 90,3 млрд. теңге қаржы бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға артқан. Осының нәтижесінде өткен жылы 68 нысанның құрылысы жүріп, іске қосылды. Оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында 3 нысан, «350 дәрігерлік емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, емханалар» жобасы аясында 27 нысан пайдалануға беріліп, 17 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Ал, биыл 25 нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы бес жылда өңірде үш жүзге жуық медициналық нысан салынды. Ал, мамандар тапшылығы 2 есеге, ауылды жерде 2,5 есеге төмендеді. Жыл сайын оқытылатын мамандар саны 10 есеге өсті. Оқытудың үшдеңгейлі жүйесі ендіріліп, мамандардың 86%-ы ВОЗ стандарттарына сәйкес оқытылды. Материалдық-техникалық жабдықтау 2,5 есеге өсті. Жоғары технологияларды енгізу аясында Шымкент қаласы - трансплантологиялық көмекті ендірген республикадағы 3-ші қала болып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom