Оңтүстік Қазақстанда білім беру саласындағы оңды істері

Аймақ
20.05.2015, 11:04

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 1091 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болып тіркелді. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен жиында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Альбина Елшиева айтты. Оның мәліметінше, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 жалпы білім беретін мектепте 556 621 оқушы білім алуда. Биыл 30982 оқушы бітірсе, олардың 18558-і Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдірген. «Оқушылардың 71 пайызы тест тапсыруға ниеттеніп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі жарым пайызға артық», екенін жеткізді.

Одан басқа, облыста Ұлттық бірыңғай тест тапсырылатын 16 пункт жұмыс істейтінін мәлімдеді және апат алдында тұрған үш ауысымда білім беретін мектептердің саны туралы айтты. Бүгінде аймақта 101 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. «Оның ішінде республикалық бюджеттен – 26, ұлттық қордан – 10, облыстық бюджет есебінен 65 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 67 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда», - дейді басқарма басшысы. Сонымен қатар, облыста апат алдында тұрған 48 мектеп бар. Оның 33-інде құрылыс жұмыстары басталып кеткен. «Төртеуі пайдалануға берілді. Қалғаны биыл пайдалануға берілетін болады. Ал қалған 15 мектептің мәселесі 2016 жылы шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауысымда оқитын 25 мектептің мәселесі сөз болды. Аталған мектептердің бесеуінің құрылысы жүргізіліп, тапсырылды. Қалғаны 2017 жылы шешілетінін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom