Кеше облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйытқысымен «Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау орталығы» мекемесінің қызметкерлері, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің, мәдениет саласының, жастар орталықтарының басшылары, қызметкерлері, «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ басшылары мен қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің имамдары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Шымкент қаласындағы мектептердің «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының дін мәселелерімен айналысатын орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қатысты. Семинарды облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы ашып, жүргізіп отырды. Семинарды өткізудегі мақсаты: Дін саласы мен қоғам өміріндегі маңыздылығы. Адам баласының тәрбиесі, болмысы мен діни қағидаларына негізделген.
Еліміз көпұлттылығымен қатар, көпконфессиялы мемлекет. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 11 конфессияға енетін 59 діни бірлестік пен 785 діни бірлестіктер филиалдары жұмыс атқаруда, оның 782 исламдық, 3 христиандық бағыттағы филиалдар болып табылады.
Діннің рөлі елімізде уақыт өткен сайын артып келеді. Оның нақты дәлелі - Елбасының бастамасымен Елордасы - Астана қаласында төрт рет әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің, дін мәселесі бойынша халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралардың өткізілуі. Осы тұрғыда жақында Астана қаласында V съездің өткізілуі жоспарлануда.
Семинар барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау орталығы» мекемесінің қызметкерлері Әбуов Тұрар Түгелұлы, Қожбанхан Еркеш Көбжанұлы, Муслимов Марлен Жүнісұлы, т.б. сөз сөйлеп, соңынан сұрақ-жауаптарға жауа берді.
Семинар қорытындыланғаннан кейін соңынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау орталығы» мекемесінің қызметкерлері «Өңірдегі діни ахуалдың қазіргі күнгі ерекшеліктері» тақырыбында фокус-топтардың талдау жұмыстарын өткізді.