БАУЫРЖАН БАЙБЕКТІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ТАПСЫРДЫ

Аймақ
20.05.2015, 18:00

Майдангерлерге деген құрмет одан әрі жалғасуда. Аудандық мәслихаттың хатшысы Тоқсанбай Бердібеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберді Ағманұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мырзатай Нұрманов Қоссейіт ауылында ғұмыр кешетін қос майдангер Қажымұрат Сапарбаев пен Жаппар Серікбаевтың шаңырақтарына арнайы барып, құттықтады. Жастары тоқсаннан асқан қазына қарттарға аудан басшылары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің арнайы құттықтауын оқып берді. Аудандық деңгейінде де бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Ардагерлерге құрмет ретінде арнайы интернет-платформа базасында ардагерлердің қажеттіліктеріне қаржы жинау бойынша қайырымдылық акциялар қолға алынбақ. Еліміздің кез-келген азаматы қысқа номерге смс жіберу немесе сайттың мобильдік нұсқасы арқылы ардагерлерге қол ұшын соза алады. Акция аясында «Өмір жолы» әлеуметтік бағдарламасы жалғасын таппақ, арнайы «дабыл түймелері» сатып алынады, барлық ардагерлерді жедел көмек көрсету жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіледі. Еске салайық, ТМД мемлекеттері басшыларының шешімімен 2015 жыл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды. Шараның соңынан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай шығарылған қазақстандық батырлар туралы кинофильмнің дискісін де қоса табыс етті. Ауыл әкімі Жолдас Асқар мен аудандық мәслихаттың депутаты Ұлықбек Жұман ардагер қарттардың иықтарына шапан жауып, азық-түлік себеттерін тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom