Түлкібаста елуге жуық бұлақтың көзі ашылды

Аймақ
21.05.2015, 01:46

Түлкібаста елуге жуық бұлақтың көзі ашылды. Ондағы 17 шақырымнан астам ирригациялық жүйе қайта қалпына келтірілді. Тазалықты тіршілігіне ту еткен таулы аймақтың халқы әр апта сайын сенбілік жасауда - белсенді. Бұл жолы аялдамаларды сырлап, тал-дарақтарды ақтады. Таулы аймақтың табиғи байлығы көп. Әуелгісі – бұлағы. Аудан әкімінің бастамасымен жергілікті тұрғындар бұған дейін бұлақ көздерін тазартып еді. Екі жыл бұрын басталған үрдіс биыл да өз жалғасын тапты. Бұл үшін жергілікті қазынадан әр тоқсан сайын 170 мың теңгеден қаржы бөлініп тұрады. Қазіргі таңда аудандағы 15 ауылдық округтегі 50-ге жуық бұлақ қоршалып, реттелді. Аудан халқы екі жарым айдан бері сенбілікке түгелдей қатысып келеді. Осы кезге дейін 56 елдімекен күл-қоқыстан тазартылып еді. 129 көше, 17,2 шақырымдық ирригациялық науалар мен 25 шақырым ағын су арықтарының да табаны аршылды. Жергілікті әкімдік тарапынан тазалыққа қатысты түсіндірме жұмыстары да жиі ұйымдастырылады. Бұл ретте, Майлыкент ауылдық округінің әкімі белсенді. Сәуле Сайрамбаева ДСУ мөлтекауданының тұрғыны. «Арнайы контейнерлер орнатылғалы қоқысты кез-келген жерге лақтырып тастаудан ұялатын болдық»,-дейді. Айта кетерлігі, әрбір қоқыс жәшігі үшін жергілікті бюджеттен 60 мың теңге қаржы жұмсалған. Игі бастама өзге ауылдық округтерде де жалғасын табады.

Сұхбат

PhotoRoom