Тәртіптік кеңес төрағасы Қазалыда болды

Аймақ
27.05.2015, 14:33

Қазалы ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар-кеңес өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразалыұлы аудан активімен, аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, аудандық мәслихат аппарат қызметкерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен жастар бірлестіктері және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстарын жүргізу, қоғам өкілдерін осы жұмыстарға атсалысуға тарту, жалпы мемлекеттік қызмет бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізу.

Департамент басшысының орынбасары Марат Оразалыұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында баяндама жасады.

 «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Қалнияз хабарлама жасады.

Одан әрі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразалыұлы жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдау өткізді.

Сұхбат

PhotoRoom