Мақтарал ауданында екі бірдей лагерь ашылды

Аймақ
27.05.2015, 15:12

Биылғы жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру, балалардың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылығы мен қылмыстың алдын алуды, балалардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау мақсатында мектеп оқушыларының демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру бойынша арнайы іс-шаралар түзіліп, білім мекемелерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Жазғы маусымда 122 білім беру мекемелерінде тамақсыз жұмыс істейтін мектеп алды алаңдарын ашып, бастауыш сыныптардан 22134 бала немесе бастауыш сыныптардың 81 пайызы қамтылды.Аудан бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын демалдыру мақсатында көлемді қаржы қаралды. Осы тұрғыда Мақтарал ауданы әкімінің бастамасымен «Толағай» және «Еркежан» атты сауықтыру лагерлері ашылды. Екі лагерге аудан бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда тұл жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қала сыртындағы лагерде демалдыру мақсатында 15 миллион, білім беру қызметкерлерінің кәсібодағынан 15 миллион, аудан бюджетінен қосымша 20 миллион теңге көлемінде қаржы қаралды. Іске қосылғалы жатқан «Толағай», «Еркежан» сауықтыру лагерлерінде жалпы саны 4250 оқушыны демалдыру жоспарлануда. Аталмыш лагерлер 7 маусымнан тұрады. Әрбір маусым 10 күнді құрайды. Мұнда ауданымыздағы 4-10-шы сынып аралығындағы оқушылар демала алады. Атап айтар болсақ, «Толағай» лагері 250, «Еркежан» лагері бір маусымда 100 бала қабылдайды.

Сұхбат

PhotoRoom