ОҚО-да салынған әкімшілік айыппұлдың жартысынан астамы өндірілді

Аймақ
03.06.2015, 15:56

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тарапынан биылғы жылы барлығы 98 688 әкімшілік хаттама толтырылып, 810 млн. 512 мың теңгені құрайтын айыппұлдар салынды. Бүгінге оның 424 млн. 610 мың теңгесі өндіріліп, 52,4 пайызға орындалған. Ал республикада бұл көрсеткіш 25,6 пайыз болып отыр. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі аппараты қылмысқа, терроризмге қарсы күресті үйлестіру және мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Сұлтанғали Атыхаев мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен болған брифингте облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрғали Исахов та хабарлама жасап, салынған айыппұлдарды өндіру бойынша ішкі істер басқармаларының учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылуда. Сонымен қатар аумақтық сот орындаушыларымен бірлесіп рейдттік іс шаралар ұйымдастырылып, жеке сот орындаушыларына да әкімшілік қаулылар жолдануда. Әр аптаның жұма, сенбі күндері Шымкент қаласы аумағында рейдтік шаралар жүйелі өткізілуде. Айта кету керек, өндірілген айыппұлдардан жергілікті бюджетке 780 млн. теңге түсім болған. Ал былтырғы жылдың осы кезеңінде 52886 әкімшілік әкімшілік хаттама толтырылып, 423 млн. 391 мың теңге айыппұл салынған, одан 257 млн. 859 мың теңге өндірілген еді. Баспасөз мәслихатында сондай-ақ жол қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, бүгінде Шымкент қаласындағы көлік қозғалысы көп көше қиылыстарына 10 интеллектуалды қондырғылар орнатылып, 23 жылдамды өлшеуіш құралдары іске қосылғандығы айтылды. Одан бөлек биыл облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаралып, жол-патрульдік полиция қызметкерлері бейнеқондырғылармен қамтылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom