Бес реформа мен 100 қадам арқылы Қазақстан бұрын-соңды болмаған жетістікке жетуге талпынады

Аймақ
05.06.2015, 12:17

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру елімізде бірқатар елеулі нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін бермек. Оның ішінде төртінші реформа – біртектілік. Бұл ретте Елбасы қазақстандық қоғамның көптүрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз екенін жеткізеді. Бұның аясында еліміздегі барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Осындай бірлік пен берекені қамтамасыз ету арқылы Мәңгілік Ел идеясы толық жүзеге аса түседі. Бұл ретте, Мәңгілік Ел құндылықтары Қазақстанның бақуатты болашағының бағдарына айналады. Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өткен ауқымды шарада осы бағыт бағамдалды. Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов төрағалық еткен жиынға ұлттық-мәдени орталықтар мен зиялы қауым өкілдері, Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов арнайы келіп қатысты. Бұған бастайтын 85-ші қадам «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеуде маңызды. Ал, 86-қадам Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын іске асыруға аса қажет. Көпшілік көкейін кернеген – көрнекі тақырып та осы. Ал, 87-ші қадамға жүгінсек, тарихтағы тау тұлға жайында да, қазіргі таңдағы қарапайым азаматтардың өмірі туралы да ақпараттар кез-келген порталда көрініс тапқаны лазым. Іс-шараға 130-ға жуық азамат қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов барлық қатысушыларды 100 нақты қадамның мән-мағынасын халыққа дұрыс ұғындыруды және бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Әр қадамға жекелей түсініктеме берген вице-министр Марат Әзілханов та Оңтүстік өңіріне келгендегі сапар мақсатының сәтті орындалғанын айтады. Себебі, мұндағы ағайынның 5 реформаға деген қызығушылығы мен оны іске асыру құлшыныстары жоғары деңгейде деді вице министр.

Сұхбат

PhotoRoom