Оңтүстік Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінде 2449 бітіруші ҰБТ тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші – 83,3 баллды көрсетті. Осы күні «Алтын белгіге» үміткер 186 түлек сынаққа кіріп, олардың 61 пайызы өз білімдерін растады. Жалпы оңтүстікқазақстандық 7 оқушы 123 балл жинаған еді . Осы екі күннің қорытындысы бойынша облыстың орта баллы – 80,1 болып, 285 оқушы «Алтын белгісін» растады. Он оқушы 123 балл жинады. Биылғы жылы облыста 30982 мектеп бітірушілерінің 18592-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берді. Оның ішінде өңірдегі 96 бала халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылған, яғни жоғары оқу орындарына түсуге грант жеңіп алған. Оңтүстік Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 4126 бітіруші ҰБТ тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші – 77,4 баллды көрсетіп, «Алтын белгіге» үміткер 231 түлек сынаққа кірді, олардың 51 пайызы өз білімдерін растады. Жалпы кеше Түлкібас ауданындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бітірушісі Абдазимова Лаура ең жоғары балл 125 жинаса. Сонымен қатар, 124 балға Шымкент қаласындағы №2 ҚТЛ бітірушісі Зайтуна Ходжаева қол жеткізді. Ал, 2 оқушы 123 балл жинаған . Үш күннің қорытындысы бойынша, Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген 18592 бітірушінің 11285-сі тест тапсыруға кіріп, облыстың орта баллы – 79,1. Осы күндері тестке кірген 402 оқушы «Алтын белгісін» растады.