Шымкенттегі аурухана базасында тұңғыш рет бүйрек және бауыр алмастыру оталары жасалды

Аймақ
08.06.2015, 17:03

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы облыс халқына тәулік бойы хирургия, жарақат, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық салалар бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпсалалы стационар болып табылады. Бүгінгі таңда ауруханада 425 төсек орын қаралған, оның ішінде 317 төмек орын хирургиялық және 108 төсек орын терапиялық салаға арналған. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәрсен Пернебеков мәлімдеді.

Бүгінгі таңда ауруханада еңбек ететін 162 дәрігердің 2-уі профессор, 6-уы медицина ғылымының кандидаты болып табылады. Мұнда сондай-ақ 397 орта буынды медицина қызметкерлері еңбек етеді. Биылғы жылы 13 дәрігер Қазақстанда және одан тыс жерлерде «Бауыр трансплантологиясы», «Жедел жағдайлардағы жансақтау және қарқынды терапия», «Клиникалық зертханада иммуноферменттік талдау жасаудың диагностикасы», «Агиохирургия», «Бас-ми жарақаты кезіндегі жедел жәрдем және хирургиялық емдеу диагностикасы», «Эндоскопиялық көмектің жаңаша тәсілдері» тақырыптарында білімін жетілдірген.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы өңірімізде тұғыш рет 2013 жылдан бері бүйрек алмастыру отасын жасап келеді. 2013 жылдан бері корейлік және белорустық мамандардың қатысуымен 45 бүйрек алмастыру отасы жасалса, соңғы 14 бүйрек трансплантологиясы отасы жергілікті мамандардың қатысуымен жасалды. Ал өткен жылдың желтоқсан айында облыс тарихында бірінші рет белорустық мамандардың қатысуымен бауыр алмастыру отасы жасалды.

Ауруханада «Innova 3131IQ GE» ангиографында рентгенангиографиялық емдік шаралар жасалынады. Мамандар Литваның Каунас қаласындағы «Наука здоровья» унверситетінде білкітілігін арттырған. Аталған аппаратта 24 селективті церебралді ангиография, 9 төменгі бөліктердің артериографиясы, 8 қапшықтық аневризманы микроспиралдармен рентгенэндоваскулярлық эмболизациялау, 1 ұйқы артериясына балондық ангиопластикамен рентгенэндоваскулярлық стеннтеу жүргізілді. «Stealth Station S7» нейронавиягациялық кешен алынғалы 14 рет бас миына ота жасалды. Жұлынға жасалатын оталардың транспедикулярлық кейдждермен фиксациялау сияқты жаңа тәсілдері ендірілді. Жамбас буындарын толық алмастыру, малоинвазивті остеосинтездік оталар жасауға қол жеткізілді. Артроскопиялық емдеу-диагностикалық, атап айтсақ алдыңғы кресттің буданы қалпына келтіру оталары жасалды. Бүйрекке лапороскопиялық оталар және зәр жолдарының реконструктивтік-пластикалық оталарын жасау жолға қойылған. Республикада үшінші болып HLA типтік зертханасы ашылған.

Сұхбат

PhotoRoom