Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан, қалаларында индустриалды аймақтар құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласынан басқа барлық өңірлерде аталған аймақты орналастыруға бөлінген жер телімдерінің жалпы көлемі 1053 га құрайды. Қазіргі кезде Түркістан және Созақ ауданында 1,33 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақ іске қосылған. Енді олардың қатарын Кентау қаласы да толықтырмақ. Кентаудағы индустриялды аймақта қуаттылығы 6300 кВт болатын электр подстанциясы іске қосылды. Подстанциядан шыққан электр қуатын аймақта ашылған кәсіпорындар төмен бағада тұтынатын болады. Бүгінде осында өндірілген 3 мГв жарықты Кентау трансформатор зауытына таратылуда. Кеншілер қаласындағы 41,7 гектар жерді алып жатқан Индустриалды аймақта қазіргі кезде трансформатор бөлшегін шығаратын кәсіпорын мен асфальт өнімін шығаратын зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған аймақта алдағы уақытта жалпы құны 28 млрд 426 мың теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 197 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Айта кетуіміз керек, Оңтүстік Қазақстанда индустриалды аймақтар құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласынан басқа барлық өңірлерде аталған аймақты орналастыруға бөлінген жер телімдерінің жалпы көлемі 1053 га құрап отыр. Бүгінде Түркістан қаласы мен Созақ ауданында 1,33 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақтар іске қосылған. Енді олардың қатарын Кентау қаласының индустриялды аймағы толықтыруда. Мұндай аймақтар облыс бойынша 7 ауданда салынып жатыр. Шымкент қаласының өзінде «Тассай» және «Бадам» индустриялды аймақтарының инфрақұрылымы салынуда.