Сарыағашта ҮИИД аясында 27 жоба жүзеге асырылды

Аймақ
10.06.2015, 14:38

Елімізді индустрияландыру – бұл Мемлекет басшысының бастамасы, ел алдындағы ауқымды міндет. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың (ҮИИД) бесжылдық жоспарын іс жүзіне асыруға барлық мемлекеттік органдар, бизнес-ассоциациялары және өнеркәсіп кәсіпорындары тегіс жұмылдырылған. ҮИИД ұзақ мерзімге арналған бағдарлама болып саналады. Оның нақты нәтижелерін 2020 жылға таман көруге болады. Бұл кезеңде экономикамыздың басым бағыттарындағы бағдарлама шеңберіндегі ірі жобалар іске қосылады. Осы тұрғыда, Оңтүстік Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясындағы 223 жобаның 65 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асса, солардың бірі Сарыағаш ауданы. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2010-2014 жылдары аралығында жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын 27 жоба жүзеге асып, 356 жұмыс орны ашылған. Биыл құны 1170,4 миллион теңгені құрайтын 2 жобаны іске асырып, Индустрияландыру картасына енгізу межеленген. Бұл ретте 55 адам жұмыспен қамтылмақ. Әзірге құны 600 миллион теңге болатын 6 жобаны, яғни 77 жұмыс орны іске қосу жоспарланса, жыл басынан бері дәл осы сомада 1 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Индустрияландыру картасына енгізу мақсатында көктемгі өзектендіруге 3 жоба ұсынылды. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде биыл 17 жобаны іске асыру межеленіп отыр. Жыл басынан бері құны 320 миллион теңге болатын 3 жобаны ел игілігі көруде.

Сұхбат

PhotoRoom