Бүгін ««Оңтүстік» ақпарат баспасөз орталығында ОҚО тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқарма басшысының орынбасары Лесбек Серікпаев 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалуы облыс көлемінде 667 елді мекенде 2,3 млн тұрғын сапалы ауыз су құбырымен қаматамасыз етілген, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 11 елді мекенде ауыз су құбырлары қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 127 555 халықтың ауыз сумен қамтамасыз ету жағдай жақстартылды. Сонымен қатар, облыс көлемінде құбыр суы жоқ 150 елді мекенде жер асты су қорларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылға 35 ауыз су және кәріз нысандарының құрылысына бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. Брифингте бақарма басшысының орынбасары облыстағы 846 елді мекеннің 830-ы орталықтандырылған электр желісіне қосылғанын, 16 елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілгенін баяндады. Оңтүстікқазақстандықтарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін Түркістан, Шымкент, Леңгір қалаларында 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жеті нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған бес нысан жылдың соңында тапсырылады. Сондай-ақ, жиында жалпы облыстың электр қуатын орташа тұтынуы 500 МВт-қа жуық екені, аталған қуаттың 70-75 пайызы еліміздің солтүстік өңірі мен Жамбыл облысынан тасымалданатыны, қалғанын өңірдегі «3-Энергоорталық», «Шардара ГЭС» АҚ, «Кентау Сервис» МКК, «Келесгидрострой» ЖШС өндіретіні сөз болды. Осы өзекті мәселені шешу бағытында электр қуатын үнемдеу әрі баламалы энергия қуатын дамыту қолға алынғаны да айтылды. Шардара, Сарыағаш аудандарында шағын су электр стансаларын салу жобалары іске асып жатқаны да ауызға алынды.