"Қоғамдық келісім орталықтары" тұрақты қызмет етуде

Аймақ
11.06.2015, 18:58

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен ХХI сессиясының қорытындысынан туындаған міндеттерге сай республикадағы барлық облыстарда облыс әкімі аппараттарының жанынан «Қоғамдық келісім орталықтарын» ашу жүктелді.

Осыған орай 2014 жылғы 18 маусымда Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮII сессиясы өткізіліп, онда әкім тиісті органдарға 2014 жылдың 1 тамызына дейін «Қоғамдық келісім орталығын» ашуды жүктеді. 2014 жылғы 2 шілдеде облыс әкімінің «Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы №634 Қаулысы қабылданды. Нәтижесінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында облыс әкімі аппараты жанынан «Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, Жарғысы бекітіліп, басшысы тағайындалды, штаттық бірліктері мен бюджеті айқындалып, ол жұмысын бастап та кетті.

IMG_1527

Орталық 4 бөлімнен құралады. Атап айтқанда, «Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг», «Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету», «Ұлттық –мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру», «Қаржы-шаруашылық» бөлімдерінде барлығы 27 штаттық бірліктер қарастырылған. Соның ішінде облысымыздағы барлық аудандарына «Қоғамдық келісім орталығының» эксперттері тағайындалды. Аталған орталықтың уәкілетті органы Қызылорда облысы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Орталық басшысы - Рахима Қаржаубайқызы Ахметова. «Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстың Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету және оның іс-шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

«Қоғамдық келісім орталығы» МКК-нің Қазалы ауданы бойынша эксперті аудан әкімдік аппаратының ғимаратында жұмыс жасайтын болады. Қоятын сұрақтарыңыз немесе жаңа идеялар мен айтар пікірлеріңіз болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №60, «Аудан әкімдік аппараты» мемлекеттік мекемесі, 2эт., 4 каб., тел.21-1-97

Сұхбат

PhotoRoom