Оңтүстікте «Жайлаукөл» демалыс аймағы бой түзеді

Аймақ
18.05.2015, 11:45

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, облыстық тарихи өлкетану мұражайы, салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығы, этносаябақ, бейнелеу өнері мұражайы ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Былғы жылдың наурыз айында облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығын, «Наурыз» алаңы мен «Жайлаукөл» демалыс аймағын біріктіретін «Қазына» этнотарихи кешені ашылып, бірыңғай сәулет кешенін құрады. Этносаябақта өңірдегі тарихи-мәдени 27 ескерткіштің макеті мен диаметрі 21 метрді құрайтын түрлі-түсті субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар осы аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент бой көтерген. Сондай-ақ, осындағы аумағы 15 га құрайтын «Жайлаукөл» демалыс аймағында қазақ ауылы орын тепкен. Мұнда 4 ротондамен қатар, қайық стансасы мен көлік тұрағы қарастырылған. Оңтүстікқазақстандықтарды табиғатты аялауға шақыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер айналасын көгалдандыру мақсатында «Жасыл аймақ» іс-шара жоспары жүйелі түрде іске асып келеді. Шымкенттегі бұл этнотарихи кешен миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқы мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Жалпы өткен жылы облыста 8 ауылдық мәдениет үйі ашылса, биыл өңірде 13 жаңа мәдени нысанның құрылысы жүруде.

Сұхбат

PhotoRoom