Қармақшы ауданында «Кіші Ассамблея» аталып кеткен ауыл бар

Аймақ
19.06.2015, 09:40

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының «ІІІ Интернационал» ауылындағы № 108 орта мектептің информатика және математика пәнінің мұғалімі Милана Ногайдың айтуы бойынша, Сыр бойында орналасқан ІІІ Интернационал ауылын ел арасында «Кіші Ассамблея» деп атайды.

Ногай

Бұл ауылда 17  этнос өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір сүруде. Облыстағы ірі диаспоралардың бірі – корейлер көптеген жылдар бойы өңіріміздің дамуына үлес қосып келеді. Әсіресе, күріш шаруашылығын дамытуға қосқан еңбектері  орасан зор. Еңбек сүйгіштіктің арқасында 26 корей  азаматы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Олардың арасында 40 жылдан астам ІІІ Интернационал колхозын басқарған Цай Ден Хактың орны бөлек дейді жергілікті азаматтар.

Бүгінгі күні жастар Қазақстанның Еңбек Ері  атағына ие болған  кәсіпкер Абзал Ералиев және белгілі кардиохирург Юрий Владимирович Пя есімдерін мақтаныш етеді.

Сұхбат

PhotoRoom