Түлкібаста жаңа сауықтыру лагері ашылды

Аймақ
22.06.2015, 16:04

Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округіне қарасты, Машат өзенінің шатқалында 300 балаға арналған «Машат-Арасан» емдеу сауықтыру лагері ашылды. Лагердің жалпы аймағы 5 гектар жер. Өткен жылдан бастап қайта жөндеу жұмыстары мен жаңа ғимараттар салу жұмыстарына 100 млн теңге қаржы жұмсалған. Лагердің құрылтайшысы «Машат-Арасан» емдеу сауықтыру жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Лагерге бүгінгі таңда 50 –ге тарта адам жұмысқа тартылып отыр. Жетім, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарынан шыққан балалардың демалысын және қамтылуын ұйымдастыру мақсатында балалар тегін демалады Лагерде жатын бөлме, асхана, заманауи спорт алаңы, мәдени –сауықтыру кеш алаңы, әкімшілік бөлмелерден тұратын ғимараттар орналасқан. Жаңа сауықтыру аймағында, бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағынан балаларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Сауығуға әсер ететін факторлардың бірі – климатерапия. Оның негізінде Машат баурайында қыдыруға арналған жорықтар ұйымдастырылады ызметкерлер мен балаларды эвакуациялап, экскурсия кезінде тасымалдайтын автобустары жұмыс жасайды. Бүгінгі күні Атырау облысынан 300 бала демалуда. Жалпы, Түлкібас ауданында ашылып отырған 10-ші лагер болуда. Бүгінгі күнге дейін ауданда 2 мемлекеттік және 7 жеке меншік сауықтыру орындары жұмыс істеуде. Лагердің ашылуында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ш.Жамалбеков, облыстық білім және жастар, тілдерді дамыту басқарма басшысының орынбасары Б.Жанәбіл, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов, лагерь басшысы Т.Жұмағұлов сөз сөйлеп, емдеу сауықтыру аймағына келген оқушыларға демалыстарын сәтті өткізуіне тілек білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom