Шымкентте бишілердің турнирі өтті

Аймақ
22.06.2015, 18:57

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақстандық жазғы би және өнер ойындарының "ОҚО әкімінің кубогі" бойынша турнирі өтті, деп хабарлайды. Жалпы мақсат - республикада 1 -ші рет өткізіп жатқан фестиваль. Мен ойлаймын көп жылдардан бері осы адамдармен жұмыс істейтін өте бір кезінде кеш те болса дер кезінде жасалып жатқан шара. Сонша таланттарды тауып жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар әр түрлі болғанымен олардың жүрегімен тілегі тең болғанын осы сайыс дәлелдей түсті. Бәрі де шетінен көңілді. Өйткені олар қиындықты жеңе білген жандар. Ал байқаудың ақтық сыны астанада қыркүйек-қазан айларында өтеді. Турнирге Қазақстанның 5 облысынан келген жүздеген биші қатысты. Оларға қазақстандық мамандармен қоса ресейлік, өзбекстандық қазылар баға берді. Бишілер жас ерекшелігіне, құрамына және композициясына қарай сынға түсті. Сонымен қоса мүмкіншілігі шектеулі жастар да арбаға отырып, өнер көрсетті. «Сайысқа қатысқан бишілер көп. Олар әртүрлі бағытта өнер көрсетті. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жастар арбаға отырып, сынға түсті. Қуантатыны, олардың мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге құштар. Бәйгеде бір адамдай бақ сынады», - дейді халықаралық деңгейдегі судья, қазылар алқасының төрағасы Андрей Холмогоров

Сұхбат

PhotoRoom