Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік форумы өз жұмысын бастады. Форум шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Форумда шағын және орта кәсіпкерлерді кәсіпкерлік саласындағы жаңалықтармен хабардар ету. Мысалы, бүгінде жаңа мүмкіндіктер мен қанша қаражат алуға болады, оны қандай мақсатта қолдануға болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осы тұрғыда, облыстағы агроиндустриялдық аймақтағы 116 гектарлық жылыжай іске қосылса, жылына 50 мың тонна өнім алуға болады екен. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі Көрме орталығында өтіп жатқан шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік форумында жылыжай жобасының менеджері Абзал Меңдібеков мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба бойынша жылыжайдың толық аумағы – 116 гектар. Ал, 100 гектарына жылыжай салынатын болады. «Бұл жылыжайларды орналастырудың алдында 116 гектар жерге барлық инфрақұрылымды тартамыз. Жылу, жарық, су және көмір қышқыл газы. Жылыжай соғатын кәсіпкер кадастрлық бағамен жерді сатып алады. Минималды – 1 гектар жер. Максималды бұдан жоғары. Содан кейін жылыжайды салады», - дейді менеджер. Жылыжайды кәсіпкер өз қаражатына не несие алып соғуы мүмкін. «Бұл жерде кәсіпкердің ұтатыны дайын инфрақұрылым тартылған жерді алады. Қазіргі таңда 1 гектар жылыжайдың құны 650 мың доллардан бастап, 2 миллион долларға дейін жетеді. Бірақ талап бойынша кәсіпкерлерге 2 миллион доллардан артық несие бермейді екен. Қазіргі кезде ауылшаруашылығына арналған 1 гектар жер теліміне айына мың доллардан беріліп, жоба іске асса, жылына 50 мың тонна өнім өндірілетін болады.