Соңғы бес жылда Облыс орталығындағы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Оңтүстік құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өзі жылына 150 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қауқарлы. Өндіріс орнының бірнеше қызмет түрімен темір-бетон бұйымдарын жасап шығаруға, құм, қиыршық тас қоспаларын өндіруге, металл құрылғыларды жасауға, пластикалық бұйымдар шығаруға қабілетті. Бүгінде зауытта 14-тен астам адам жұмыс істейді. Темір-бетон бұйымдарының елуден астам түрі шығарылады. Мемлекеттен алынған көмектің әсерінен 2013 жылмен салыстырғанда 2014-15 жылы өнімділік 20 пайызға өскен болса, 2015 жылы 35 пайызға тауар өнімділігі артып отыр. «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-нің директоры Әлімжан Құртаевтың мәліметінше, «Оңтүстік құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс орнын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді кеңінен қолға алып отыр. Жаңа ашылған екінші өндіріс цехы түгелдей дерлік автоматтандырылған. Мұндағы жұмыстың бәрі роботтық жүйемен атқарылады».Мұнда техниканың бәрі инновация бойынша жүйеленген. Бір ауысымда күндігіне 3 мың, 3,5 мың блок шығарылуда. Облыстағы белді құрылыс компанияларының бәрі өздеріне қажеттіні осы жерден алады. Кәсіпорын келешекте тұрғын үй салатын құрылыс комбинатын ашуды көздеп отыр. Оған өндіріс орнының мүмкіндігі мол, базалық әлеуеті де жеткілікті.