ОҚО әкімі мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтады

Аймақ
24.06.2015, 16:45

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов 8229 мемлекеттік қызметкерлерді меркесімен құттықтады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. «Түркістан» сарайында мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында өңір басшысы мемқызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала мамандарын марапаттады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамота мен Алғыс хатына облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Оспанбеков, облыстық қаржы басқармасының басшысы Р.Исаева мен Созақ ауылдық округінің әкімі Б.Аметов пен Отырар аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы П.Қошқарбай сынды азаматтар құрметке ие болды. Ал, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Мақтарал ауданы Ынтымақ ауылдық оругінің әкімі Ауаш Марат пен облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Т.Телғараевтар наградталды. «Мемлекеттік қызметкерлер — біздің әріптестеріміз, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Соңғы жылдары атқарылып жатқан саясаттың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына жүктелген міндеттердің барлығы да жоғары дәрежеде орындалып жатыр деп айта аламын. Оны Елбасының өзі өңірімізге жасаған іс-сапарларында, белгілі бір салаға, облыстағы жағдайларға байланысты өзінің берген пікірінде бағасын айтып та жүр», —деді Асқар Мырзахметов. Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың алғыс хаты облыс әкімі А.Мырзахметовке табыс етілді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Айта кетейік, бүгінде облысымызда 567 мемлекеттік органдар қызмет атқаруда, оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар – 403, аумақтық мемлекеттік органдар – 147 және өкілді органдар – 17. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облысымызда мемлекеттік қызметшілердің саны 8229 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде, саяси мемлекеттік қызметшілер саны – 7, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 25.

Сұхбат

PhotoRoom