ОҚО-да 125 балл жинаған түлекке 500 мың теңгенің сертификаты табысталды

Аймақ
25.06.2015, 12:19

Кеше кешке Шымкенттегі жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алаңында, облыс әкімінің қатысуымен 608 оңтүстікқазақстандық түлекке «Алтын белгі» тағылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім және жастар саясаты басқармасының басшысы Альбина Елшиеваның айтуынша, биыл 608 түлек «Алтын белгі» иегері атануда. Жалпы үміткер болғандардың шінінен 56 пайызға жуығы үмітті ақтады. Олардың арасында, 1085 оқушының 1084-і тестілеуге қатысып, 608 оқушы (56%) өз білімдерін растады.

«Алтын белгі» белгісін облыстық Дарын мектептері 194-тен 127-сін (65,5%): ҚТЛ-2, ҚТЛ-3 Кентау, Түлкібас, Мақтарал аудандарындағы дарын мектептері ұсынған үміткерлердің барлығы 100% ақтап көш басынан көрінді. Мақтарал ауданы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясынан «Алтын белгіге» үміткер 35 оқушының барлығы өз білімдерін растады. Бұл республикада ең жоғары көрсеткіш. Ең жоғары 125 балды Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы Лаура Абдазимова алса, 124 баллды 5 оқушы (Шымкент – 2, Мақтарал – 1, Арыс – 1, Ордабасы – 1) жинады. 100 балдан асқан 3398 оқушы 18,8%, ал тиісті межеге жете алмаған 1181 оқушы 6,5%-ды құрап отыр. «Бұл дегеніміз, республикада «Алтын белгі» алған түлектердің 32 пайызы – оңтүстікқазақстандық жастар. Яғни, дерлік, «Алтын белгі» иегерлерінің үштен бірі біздің облыстан шықты. Біздің түлектер», - дейді басқарма басшысы. Мерекелік шарада «Алтын белгіні» түлектерге облыс әкімі Асқар Мырзахметов тақты. Облыс әкімі 125 балл жинаған Лаура Әбдәзимоваға 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Еске сала кетейік, өткен жылы облыста 437 түлек «Алтын белгі» иегері атанған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom