ОҚО-да халықаралық 420 шақырымдық автожол салынуда

Аймақ
29.06.2015, 16:09

Бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы бөлігінде атқарылып жатқан жұмыстар мен орын алып отырған түйткілдер жөнінде БАҚ өкілдеріне Қазавтожол» ұлттық компаниясы АҚ облыстық филиалының директоры М.Дүйсенбеков, «Оңтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Ахметов және облыстық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары А.Мырзаев түсініктеме берді. Баспасөз мәслихатында жауапты тұлғалар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 786 шақырымы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетіндігін мәлімдеді. Осы жолдардың 420 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі. Бұл жолдардың бүгінде 224 шақырымы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге биылғы жылы 1,092 млрд. тенге бөлінген. Қазіргі таңда жаңа технологияға сай қосымша ферментті қоспалармен республикалық маңызы бар А-15 «Жетысай – Сарыағаш – Жібек жолы» автожолының 19,3 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Ал республикалық маңызы бар Р-31 «Кентау – Түркістан – Шәуілдір - Төрткөл» автожолының 9,5 шақырымына гофралық көпір орнату, 11, 52, 53, 54 шақырымдарында гофралық құбырлар орнату және А-15 «Жетысай – Сарыағаш –Жибек жолы» автожолының «Сарыағаш» курортына кіре берісіндегі көпірді жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің құрылысын жүргізуге байланысты жер телімдерінің мемлекет меншігіне қайтару мәселесін айтып өткен облыстық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары А.Мырзаев халықаралық автокөлік дәлізінің құрылысы жер көлемі 140,5 гектарды құрайтын 255 жер учаскелеріне түседі деп белгіленгендігін атап өтті. Оның 233-і мемлекет меншігіне қайтарылған. Жалпы құны 223 702 000 теңге деп бағаланған бес жер телімі бойынша басқарма тарапынан шығындық тәсілмен төлеу туралы облыстық экономикалық сотқа талап арыз беріліп, соттың биылғы жылғы 23 қаңтардағы шешімімен бұл талап арыз қанағаттандырылған. Тиісті қаражатты бөлу туралы мәселе облыстық мәслихаттың бюджетті нақтылау жөніндегі кезекті сессиясында қаралмақ.

Сұхбат

PhotoRoom