Шымкент көркі мен сәулеті жарасқан қала

Аймақ
02.07.2015, 17:02

Елбасы Шымкентті Қазақстандағы архитектурасы тамаша жаңа үлгідегі сәулетті қалалардың қатарына айналдыру туралы тапсырмасының орындалу жолында талмай еңбек етіп жүрген басқарманың бірі облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы. Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде алар орны ерекше аймақтардың бірі. Дін мен дәстүрдің қаймағы сақталған саңлақ аймақтардың қатарында екендігінде дау жоқ. Орталығы болған Шымкент қаласының бүкіл Қазақстанға, тіпті бүкіл әлемге аты мәшһүр. Шымкент десе елең ете қалмайтын ел жоқ. Шымкенттіктер десе қорқа қарайтын да, қызыға қарайтын да жұрттар бар. Мәселен, жыл басынан «Қазына» кешенінің эскиздік жобалары, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің эскиздік жобалары әзірленіп, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан» кинотеатрын қайта құрылымдау, Қошқар ата өзені мен Дендросаябақты абаттандыру бойынша және Бадам өзенінің екінші кезеңі бойынша эскиздік жобалары әзірленді. Қазіргі таңда, «Қасірет» мемориалын абаттандыру жұмыстарының эскиздік нұсқалары әзірленуде. Бүгін осы және өзге атқарылған жұмыстар бойынша «Оңтүстік» ақпарат орталығында басқарма басшысының орынбасары Б.Дүйсебеков журналистерге брифинг берді. Оның айтуынша облыста бес мыңнан астам халқы бар 52 елді мекендердің бас жоспарлары бекітіліп, бүгінде іске асырылуда. Сонымен қатар, 2011-2015 жылдар аралығында бірқатар аудан, қалалардың бас жоспарына түзетулер енгізілді. Ал облыстағы 218 елді мекеніне дамыту мен құрылыс салу схемалары дайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom