ОҚО-да мекемелер мен кәсіпорындардың еңбек заңдылықтарының сақталуының орындалу барысы

Аймақ
03.07.2015, 15:38

Бүгін «Оңтүстік» орталығында ОҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысы Б.Есқараев облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Анықталғанындай еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарда 502 тексеру жүргізіліп, 1438 заң бұзушылық анықталған. оның ішінде еңбекті қорғау бойынша – 515 320 (48), халықты жұмыспен қамту – 991 000 (41) теңге айыппұл салынды. Еңбек заңнамасының сақталуы бірқатар жағдайларда еңбек заңнамасы жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы фактілері бойынша бұзылады екен. Мысалы, «Қазығұрт ауданының әкімі аппараты» ММ-де 2015 жылғы маусымда жүргізілген тексеру барысында 2014-2015 жылдары жұмысқа қабылданған С. Айтбаевамен, А. Даулетовамен, Ә.Байтеновамен, Н. Байжумановамен, И. Фахрутдинов және басқалармен еңбек шарттары жасалмағаны анықталды. Ал, Отырар ауданындағы ЖК «Жұматаев» мекемесінің барлық 16 қызметкерімен еңбек шарты жасалмаған. Жұмыс берушілерге осы бұзушылығы үшін айыппұлдар салынып, орындалуы міндетті нұсқамалар берілді деп хабарлайды басқарма басшысы. Еңбек қатынастары саласындағы жоғарыдағы және өзге де заң бұзушылықтар жұмыс берушілердің өздерінің және лауазымды жауапты қызметкерлерінің ҚР еңбек заңнамасын білмеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуі салдарынан орын алуда. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген алдын алу шараларына қарамастан облыс кәсіпорындарында биылғы жылдың 6 айында 49 жазатайым оқиға орын алды. Олардың салдарынан 52 (48) адам зардап шегіп, оның 8 (11) қайтыс болды. 3 (4) топтық жазатайым оқиға орын алып, олардың салдарынан 6 (8) адам зардап шекті. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы, жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы, ақаулы машиналарды пайдалану, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеуі, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы және т.б. Ақпараттық-насихат жұмысы 2015 жылдың 6 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1181 азаматтардың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттарын қараған, оның ішінде заңды тұлғалардан 168, жеке азаматтардан – 1013 өтініштер, сауалдар мен ұсыныстар түскен. Олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген.

Сұхбат

PhotoRoom