Астана күніне тарту 75 нысан акциясы аясында Қазығұрт ауданында үш білім ошағы ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек бұл күні әкімдікке қарасты құрлымдық мекемелерде ашылды. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді Енді типтік үлгідегі жаңа ғимараттар ауылдарға ерекше көрік беретін болады. Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қосағаш елді мекеніндегі 328 оқушы жаңа оқу жылында жаңа мектепке баратын болды. 300 орынға лайықталып салынған ғимарттың құрлысына облыстық бюджеттен 470,2 млн. теңге қаржы жұмсалды. Ал, құрылысы 2 жылға жуық жүргізілген. Сапасына бес жылға кепілдік бар. Сонымен қатар Тұрбат ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде де 200 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды.Соңғы үлгіде салынған білім ошағында физика, химия, еңбек сыныптары толықтай жаңа үлгідегі техникалық жабдықтармен жарақталған. Яғни шәкірттердің терең білім алуына барлық мүмкіндік бар. Бұдан бөлек Қарабау ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ елді мекенінде 300 орындық білім ошағы пайдалануға берілді. Құлмат Өмірәлиев есімін алған мектеп толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кету керек, биыл аудан да алты бірдей білім ошағының құрылысы басталмақ. Бұйыртса, оның барлығы келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.