Арыста саялы саябақтар ұлғаюда

Аймақ
08.07.2015, 23:48

Теміржолжылар қаласының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Арыста 12 га аумаққа жаңа саябақ салынуда. Аталған саябаққа жергілікті бюджеттен 340 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қала әкімі С.Ертай хабарлады. Сонымен қатар қаланы көріктендіру, абаттандыру үшін орталық бір саябақпен үш гүлзар қайта жаңғыртылса, 13 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Ал, ауылдық елді мекендердегі 50 көшені жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, қаладағы көпқабатты үйлердің қасбеттері светодиотты шамдармен жарықтандырылған. Қала басшысы С.Ертайдың айтуынша арыстық тұрғындар 2016 жылы жүз пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өткен жылдан бері жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. 1986 жылдан бері қала жұртшылығын жылумен қамтамасыз етіп келе жатқан орталық қазандыққа биыл облыстық қазынадан 204 млн. теңге бөлініп, күрделі жөнделуде. Брифингте қала әкімі Астана күніне орай тоғыз әлеуметтік нысанның ашылғанын, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған екі көпқабатты тұрғын үйден 150 азаматқа баспана кілті табысталғанан жеткізді. Тарихы терең теміржолшылар қаласында биыл көріктендіру, абаттандыру бағытындағы жобаларға басымдық беріліп, жоспарланған жұмыстар жемісті жүзеге асып келеді.

Сұхбат

PhotoRoom