15 күн артық жұмыс істеген депутаттар демалысқа кетеді

Рейтинг
09.07.2015, 09:26

Әдетте маусым айының соңында екі айлық еңбек демалысына кететін депутаттарды биыл шілде айының 15-не дейін жұмыс істейтінін бұған дейін Мәжіліс төрағасы Қ. Жақыпов мәлімдеген болатын. Жарты ай артық еңбектенген халық қалаулылары осы айдың ортасында демалысқа шықпақ. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі   №58

Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылы 15 шілдеде, сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы   Қ.ЖАҚЫПОВ.

Сұхбат

PhotoRoom