ОҚО-да алты айда 17 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Аймақ
10.07.2015, 22:38

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың төрағалығымен «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері туралы алқалы жиын өтті. Жиында жұмыссыздықты болдырмау, жұмыспен қамту саласындағы ахуалдың нашарлауының дер кезінде алдын алу мақсатында әкімдік, кәсіподақ және жұмыс берушілер арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С. Полатов баяндама жасады. ‒ Оңтүстік Қазақастан облысында биылғы жылдың алты айында 17 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2015 жылға жалпы 5,518 млрд.теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам қамтылатын болады. Осы жылдың 1 шілдесіне 22077 азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 7136 адам, жұмыссыздар – 14941 адам, аз қамтамасыз етілгендер – 1687 адам. Сондай-ақ, бағдарламаның екінші бағыты бойынша 513 азаматқа 1332,008 млн.теңге шағын несие берілді. Қосымша 325 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды. Кәсіпкерлік негізінде 2,187 млн.теңге игеріліп, онда 108 адам оқытылды. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 13450 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. Бүгінгі таңға 886 адам кәсіби оқуды аяқтап, оның 787-сі тұрақты жұмыспен қамтылса, жастар практикасы аясында 1100 жастар жұмыспен қамтылды. Ал, 5246 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Алқалы жиында жұмыссыздықпен күрестің бірнеше жолы ұсынылды. Меморандум басымдықтарының орындалуына ерекше көңіл бөліп жұмысты барынша ұйымдастыруды қажет деп санады.

Сұхбат

PhotoRoom