Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Осы тұрғыда, Түркістан қаласындағы №3 облыстық перениталды орталығында 6 шілде - Астана күнiнде отыз сәби дүние есiгiн ашты. Айтулы мереке қарсаңында туылған нәрестелермен аналарын қала әкiмi Ә.Өсербаев перзентханаға арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. ‒ Аталған перениталдық орталық Түркiстан қаласымен қатар, Кентау, Созақ, Отырар аудандарына қызмет көрсетедi. Былтыр бұл перзентханада 8200 нәресте дүниеге келдi. Биыл осы 6 айдың қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде былтырғы І-жартыжылдық көрсеткiшке жетiп отырмыз. Ал, 6 шiлде Астана күнiнде 30 сәби дүние есiгiн ашты, олардың 50 пайызы қыз, 50 пайызы ұл бала. Барлығының денсаулықтары жақсы. Былтырғы Астана күнiнде 18 нәресте дүниеге келген болатын. Осыдан ақ қаламызда бала туу саны жыл санап артып келедi, - дейдi қаламыздағы №3 облыстық перениталды орталығының бас дәрiгерi Алма Ильясова.