Қазалыдағы шағын кәсіпкерліктің ахуалы

Аймақ
30.07.2015, 11:36

Ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттің «Жұмыспен қамту 2020», «Сыбаға»бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту 2020», «Сыбаға»бағдарламасы аясында әрбір ауылдық округтен кемінде 2-3 жобадан барлығы 55 жоба ұсынылып, кезектілікте тұр.

Жалпы аудандағы ауыл кәсіпкерлеріне КС «Қазалы несие» ЖШС-і арқылы:

-егін шаруашылығына 6 шаруашылық серіктестігіне  54,87 млн.теңге;

-мал шаруашылығына 1 шаруашылық серіктестігіне 8,9 млн.теңге;

-«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 өтінішке 30,1 млн.теңге;

-«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 өтінішке 16,1 млн.теңге несие берілген;

11754468_1641164089456893_5981686850156466580_o

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы:

- «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 19 өтініш –51,4 млн.теңге;

- «Экодаму» бағдарламасы бойынша 6 өтініш – 18,9 млн.теңге;

-«Сәтті» бағдарламасын жүзеге асыратын «Мурабаха» өнімі бойынша 5 өтінішке – 13,354 млн.теңге;

-«Егінжай» бағдарламасы бойынша 2 өтініш – 9,7 млн.теңге;

-«Жылыжай» бағдарламасы бойынша 1 өтінішке – 5,0 млн.теңге.

Қазіргі таңда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша шағын несиелер қызметтің баламалы түрлерін дамытуға және ауыл, орман, балық пен аң шаруашылықтарының  тұрақты экологиялық қауіпсіз әдістерін енгізуге берілетін несие бойынша Бекарыстан би, Басықара, Лахалы, Қожабақы, Бозкөл ауылдарының тұрғындары қаржылық ресурстарға қол жеткізді.

Атап айтқанда, Бекарыстан би ауылының тұрғыны Мейрімхан Тілеуқұл қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау және оны халыққа төл туынды ретінде насихаттау мақсатында 2,4 млн.теңгеге қол жеткізіп, қажетті құралдарын алуда.

Құс шаруашылығын дамыту бағытында Басықара ауылы, «Нұржан» шаруа қожалығының жетекшісі М Сілтеуов (3,0 млн.теңге), Лахалы ауылынан Ж.Асқаров (5,0 млн.теңге), Қожабақы ауылынан Б.Нұржанова (5,5 млн.теңге), Өркендеу ауылынан Д.Баймағамбетов (2,0 млн.теңге) сыйақы мөлшерлемесі 4 пайыз болатын несие қаражаттарын алып, шағын құс фермасы құрылысын жүргізіп, қаз, тауық, үйрек, индюк балапандары Ақтөбе қаласынан тасымалданып, алдағы уақытта осы балапандарды өсіріп, құс шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлер аудан халқын табиғи жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз ету мақсатында  жергілікті сауда орындары мен дүкендерге өткізуді жоспарлауда.

Бүгінгі күнге Қожабақы ауылына Бибігүл Нұржанова 2000 үйрек, 300 қаз, 200 индюк балапандарын әкелсе, Лахалы ауылына Жасұлан Асқаров 1000 қаз, 2000 үйрек балапандарын әкеліп шағын құс фермаларында өсіруде.

Сонымен қатар, Дастан Музатов Әйтеке би кентінен 400 шаршы метр жер учаскесіне тамшылатып суғару әдісімен жылыжай алуға 9,5 пайызбен «Жылыжай» бағдарламасы бойынша 5,0 млн.теңге несие қаражатын алып, Шымкент қаласынан «Зеромакс» ЖШС-гі жылыжай құрылысын орнатып берді. Аталған жылыжайды газ қондырғыларымен жылытылатын болады. Қазіргі таңда, «Зеромакс» ЖШС-мен жасалған келісім шартқа сәйкес фирмадан арнайы агроном маманы келіп, көшет егу әдістерін үйретеді деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom