Шымкенттегі сауда логистикалық орталықта 8 ірі жоба іске асуда

Аймақ
05.08.2015, 19:08

Шымкентте 92 га аумақта орналасқан «Сауда логистикалық орталығында» 8 ірі жоба жүзеге асуда. Бұл орталыққа инфрақұрылым салынып, 24,3 млрд. теңгеге жеке инвестиция тартылды. Бірінші кезеңдегі нысандар ағымдағы жылдың қыркүйегінде іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А.Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім етті. 

Сонымен бірге, Мақтарал ауданы мен Түркістан қаласында сауда логистикалық орталықтарының инфрақұрылымына жобалық сметалық құжаттары әзірленді.

Өңір басшысының айтуынша шағын және орта кәсіпкерлік саны 127,9 мың бірлікке жетіп, 4,2пайызға өскен. Онда 722,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 8 млрд. теңгеге артып отыр. Ағымдағы жылы«Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығы» 2,9 млрд. тг. құрайтын 778 жобаны қаржыландырып, 1365 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 9 млрд. тг. 2 мың жобаға қолдау көрсетілетін болады. Ал,«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 137,5 млрд. тг. 99 жоба мақұлданды.

Есепті мерзімде облыстың барлық аудан, қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Кәсіпкерлік мектептері типтік жобада салынып, ашылды. Бүгіннің өзінде 8,6 мың кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, оның ішінде 746 кәсіпкер рұқсатнама құжаттарын алды. Кәсіпкерлік мектептерінде  3 532 адам оқытылып, 735,4 млн. теңгеге несие алуға 41 кәсіпкерге көмек берілді.

Сессияда аймақ басшысы отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында 9 млрд. теңгеге тауарлар мен қызметтерді жеткізуге жеті Ұлттық компаниялармен меморандумға қол қойылғандығын айтты.

Сұхбат

PhotoRoom